15
қыркүйек
2026
«ALMATY USTAZY-2026» қалалық конкурсының ЖЕҢІМПАЗЫ!
«ALMATY USTAZY-2026» қалалық конкурсының ЖЕҢІМПАЗЫ!
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлімқазы Еркемай Талғатқызы Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «ALMATY USTAZY-2026» қалалық конкурсының ІІ кезеңінде І орын иеленіп, ФИНАЛДЫҚ кезеңнің жеңімпазы атанды!
Жеңімпаз атанған ұстазымызға шетелде тағылымдамадан өтуге жолдама беріледі.
Бұл — кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің, еңбек пен табандылықтың жарқын нәтижесі!
Еркемай Талғатқызын осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық ізденісіңіз артып, кәсіби биіктеріңіз еселене берсін!
Шетелдік тағылымдамаңыз сәтті өтіп, жаңа тәжірибелер мен жарқын жетістіктерге бастасын!