«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!
10
тамыз
2026

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ!
«Адамгершіліктің алды — бауырмалдық, жүректің алды — мейірімділік». Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданы «№206 мектеп-гимназия» КММ-де дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясының басталғанын хабарлаймыз!🌟
🗓️ Өткізілу мерзімі: 2026 жылдың 1 тамызы — 30 қыркүйек аралығы.
🎯 Акцияның басты мақсаты: Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету. Сонымен қатар, балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектептен тыс қалмауын қамтамасыз ету.
Әрбір баланың сапалы білім алуға және мектепке еш алаңсыз, толық дайындықпен баруға құқығы бар. Ізгі жүректі барлық азаматтарды, демеушілер мен ата-аналарды өскелең ұрпақтың болашағына үкілі үміт сыйлап, осы қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырамыз! 🥰
📍 Көмек қабылдау нүктесі: Талжанова көшесі 1Б
№206 мектеп-гимназия