22
қаңтар
2025
Наурызбай ауданының 206 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына әскерге бару және әскери оқу орындарына түсу туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
2025 ж. 22 қантарында Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары- жұмылдыру бөлімінің бастығы майор Абуов Нурлан Кожанович, тәрбие және идеологиялық жұмыстар тобының топ бастығы лейтенант Максат Талгатович Ажиханов пен әскери қызметіне шақыру және әскерден тыс бөлімінің ңұсқаушы-сержанты сержант Ақбота Қайржанқызы Сыздыкова Наурызбай ауданының 206 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына әскерге бару және әскери оқу орындарына түсу туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Іс-шараға , Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Оразбаев Рамазан қатысып, өзінің әскери өмірімен ой бөлісті. Оқушыларды әскери оқу орындарына түсудің тиімділігін жеткізді.