СЕЙСМОЖАТТЫҒУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЕЙСМОЖАТТЫҒУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ!
30
сәуір
2025

СЕЙСМОЖАТТЫҒУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ!

1027036515_aqnvr6wr51fjfqo9bsvdee636rgdimuga2uv9yssmxbh6jp5rhuq.mp4 [8,84 Mb] (cкачиваний: 0)

СЕЙСМОЖАТТЫҒУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ! 🚨
📍 №206 мектеп-гимназиясында азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес
📅 2025 жылдың 30 сәуір күні Алматы қалалық жалпы сейсможаттығу сәтті өткізілді.

🛑 Жаттығу барысында мектепте “Апат кезінде сенің іс-әрекетің” тақырыбында кең ауқымды эвакуациялық іс-шара ұйымдастырылды.
🔹 Азаматтық қорғаныс штабының құрамында арнайы құтқару тобы, санитарлық көмек көрсету тобы, қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, хабарлау тобы сынды құрылымдық топтар жасақталып, өз міндеттерін нақты орындады.

📣 Жер сілкінісінің шартты сигналы мектеп ғимаратының барлық дәліздерінде берілгеннен кейін, оқушылар мен қызметкерлер қысқа мерзім ішінде апаттық шығу есіктер арқылы мектеп ауласындағы қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.

👨‍🎓 Қатысушылар:
🔹 Оқушылар – 1943 адам
🔹 Қызметкерлер – 112 адам
🔹 Жалпы саны – 2055 адам

⏱ Эвакуациялау уақыты – 4-5 минут ішінде толық жүзеге асырылды.

✅ Мұндай жаттығулар оқушылар мен педагогтардың төтенше жағдайлар кезіндегі сауатты әрі шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады.
👏 Жаттығуға белсенді қатысқан барлық ұжым мүшелеріне алғыс білдіреміз!

@aliakbarovafatima 
@oqu_agartu_ministrligi 
@kusainova.s.a 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@edu.almaty