01
сәуір
2025
Бүгін 10 ”В” сыныбында “Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында кешенді қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды.
Бүгін 10 ”В” сыныбында “Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында кешенді қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдерімен танысып, қауіп-қатердің алдын алу жолдарын жан-жақты зерделеді.

Төтенше жағдайлардың түрлері және олардың туындау себептері;
Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі мен оның маңыздылығы;
Дағдарыс жағдайында өзін-өзі ұстау стратегиялары.

Шұғыл эвакуациялау ережелері мен қауіпсіз маршруттарды анықтау;
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері;
Қорғаныс құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын меңгеру.
Мұндай сабақтар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, шынайы өмірде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етеді.
Қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі!

@nauryzbay_bilim_bolimi