16
мамыр
2025
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейге саяхат жасады.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейге саяхат жасап, Қазақстанның бай тарихы мен мәдениеті туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

Экспонаттармен танысып, ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи жәдігерлерді тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Мұндай танымдық саяхаттар – балалардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ел тарихына деген қызығушылық пен құрмет сезімін оятады.