Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
08
шілде
2025

Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

🚀 Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

🗺️ Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.

🇰🇿 Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды.  Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.  

Күміс медаль иегерлері:
🥈 Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈 Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы; 
🥈 Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
🥈 Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

🥉 Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

 Теориялық айналым нәтижелері бойынша 
🥇 1-дәрежелі диплом -  Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
🥈 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.
🧑🏻‍🏫 Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.
💫 Жас физиктер мен олардың ұстаздардың жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!