19
тамыз
2025
Алматыда Тамыз конференциясы өтті!

Бүгін білім саласының басты алаңына айналған дәстүрлі Тамыз конференциясы Алматы қаласында өтті. Конференцияға ұстаздар, мектеп директорлары, білім саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.
Жиында жаңа оқу жылының басты бағыттары, білім беру сапасын арттыру жолдары, мұғалім мәртебесін көтеру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Осындай басқосулар – тәжірибе алмасуға, тың идеяларды жүзеге асыруға және білім саласын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

#ТамызКонференциясы #Алматы #Білім2025

