«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық идеялар» атты қалалық семинар » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық идеялар» атты қалалық семинар
22
сәуір
2025

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық идеялар» атты қалалық семинар

1027036515_aqpqzbmzj965poekpkuqk9pvggucjofadns_sfpza_eb4jsfploz.mp4 [18,75 Mb] (cкачиваний: 1)

№206 мектеп-гимназияның  жылдық жоспарына сәйкес Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен бірлесіп «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы педагогикалық идеялар» атты қалалық семинар өтті.

Қалалық семинардың негізгі мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық педагогика мен психология қағидаларын негізге ала отырып, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» және Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» еңбектеріндегі тәрбие мен оқыту әдістерін талдау. Осы еңбектердегі идеяларды қазіргі білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын анықтау және мұғалімдердің кәсіби-теориялық даярлығын тереңдету. Ұстаздарың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ашық сабақтар өтіп, тәжірибемен бөлісу.

Семинар барысында ұлттық педагогикалық идеялар жан-жақты талданып, оқытуда қолданылу жолдары ұсынылды.

Семинарға Наурызбай ауданы білім бөлімінің әдіскері Бралина Назия Ғалымқызы, Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ғылыми орталығының мүшесі Меңдіғалиева Гүлсара Қалиахметқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының  аға оқытушы, педагог-зерттеуші Есентаева Айжан Ыдырысқызы , «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының  аға оқытушы Ибраева Жанар Мұхаметқалиқызы және қала мектептерінің жетпіске жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында келген қонақтар керібайланыс жасап, алғыс білдірді.

Похожие публикации: