Бүгін білім саласының басты алаңына айналған дәстүрлі Тамыз конференциясы Алматы қаласында өтті » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін білім саласының басты алаңына айналған дәстүрлі Тамыз конференциясы Алматы қаласында өтті
19
тамыз
2025

Бүгін білім саласының басты алаңына айналған дәстүрлі Тамыз конференциясы Алматы қаласында өтті

📚 Алматыда Тамыз конференциясы өтті!

Бүгін білім саласының басты алаңына айналған дәстүрлі Тамыз конференциясы Алматы қаласында өтті. Конференцияға ұстаздар, мектеп директорлары, білім саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.

Жиында жаңа оқу жылының басты бағыттары, білім беру сапасын арттыру жолдары, мұғалім мәртебесін көтеру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Осындай басқосулар – тәжірибе алмасуға, тың идеяларды жүзеге асыруға және білім саласын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
✨ Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға сәтті болсын!

#ТамызКонференциясы #Алматы #Білім2025