25
қаңтар
2024
№206 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданы Білім бөлімінің басшысы Құсаинова Салтанат Амангелдіқызының, аудан мектептерінің директорларының, әдебиет пен өнер әлемінде қанаттары қатайып, белестерді бағындырып жүрген өнер адамдарының қатысуымен аудандық
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданы Білім бөлімінің басшысы Құсаинова Салтанат Амангелдіқызының, аудан мектептерінің директорларының, әдебиет пен өнер әлемінде қанаттары қатайып, белестерді бағындырып жүрген өнер адамдарының қатысуымен аудандық «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты кездесу өтті. Қазақтан Жазушылар Одағының және Ресей жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. Халықаралық Қашқари атындағы сыйлықтың лауреаты. «Болмаған балалық шақ», «Көк бөрінің рухы», "Көлеңкелер күбірі" , «Ғаршы» атты өлеңдер жинағының авторы - Ақберген Елгезек. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі – Қалиолдина Райхан Нәбиолдақызы. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі- Иманғалиев Әсет Иманғалиұлы. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі- Жақсылық Тұрлығазы. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Есенжанова Гүлзия Сәрсенқызы қатысты кездесуге қатысты. Кездесуге негіз болған Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасы. Бұл шығарманы №206 мектеп-гимназияның 160 тан аса оқушы оқып, 250 ден аса оқушы «Болмаған балалық шақ» қойылымын Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасынан тамашалаған. Оқырман жүрегіне жол таба білген, оқушылар оқыған шығармасының авторын, қойылымында ойнап жүрген әртістерін көргенше асықты. Мектеп оқушылары ақын, жазушы Ақберен Елгезекке, театр әртістері Райхан апайға, Әсет Иманғалиұлына, Жақсылық мырзаға шығарма мен қойылымдағы кейіпкерлер туралы сұрақтарын қойып, өз өнерлерін көрсетті.