17
сәуір
2024
Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және Наурызбай ауданы психологиялық сүйемелдеу бөлімі мен №188 МГ, №192 ЖББМ, №200 МГ, №206 МГ педагог-психологтарының ұйымдастыруымен «Бақытты ба
Ағымдағы жылдың сәуір айының 17-ші жұлдызында Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және Наурызбай ауданы психологиялық сүйемелдеу бөлімі мен №188 МГ, №192 ЖББМ, №200 МГ, №206 МГ педагог-психологтарының ұйымдастыруымен «Бақытты бала бақытты отбасында тәрбиеленеді» атты қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, ата-ананың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынаты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңызын ұғындыру.
Семинарға қала бойынша директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және ата-аналар қатысты. Семинарға қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты біршама ақпараттар мен пайдалы кеңестер алды. Семинар ұйымдастырушылары ата-ана мен баланың өзара жағымды қарым-қатынасын орнатуда, баланың жан дүниесін түсіне алуға ой салатын, күнделікті өзіміз байқамайтын қателіктерді ата-аналарға сезінуге септігін тигізе білді. Семинар барысында ата-аналарға сұрақтар қойылып, тренингтер жүргізілді.