16
мамыр
2024
“Алматы -біздің ортақ үйіміз!” науқаны аясында “Экоболашақ” тақырыбында бейнероликтер түсірілді…
“Алматы -біздің ортақ үйіміз!” науқаны аясында “Экоболашақ” тақырыбында бейнероликтер түсірілді… Мақсаты: Өскелең ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу, қалдықтарды бөлек жинау ұғымы мен оның маңыздылығына назар аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру. Қаламыздың ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен "Мейірімді қақпақшалар" нетворкингіне шақырту алдық. Іс-шара 26.03-15.05 аралығында басталған, қаламыздың бірнеше мектептерін қамтыған "Мейірімді қақпақшалар " қайырымдылық эко-акциясының қорытынды кезеңі. Пластик ыдыстардың қақпақшаларын жинап, қайта өңдеуге Aқтау қаласындағы @taza.likee ЖШС-на өткізіп,одан түскен қаржы Жасмин мен Айлин есімді егіз қыздардың еміне жұмсалады. Мақсаты: оқушыларды экологиялық сауаттылыққа баули отырып,аз да болса қайырымдылық жасай алатындарын түсіндіру. Осындай іс-шараларда белсенді болу-қоғамдағы қарым-қатынасымызды нығайтады. Мектебімізде қоқысты дұрыс сұрыптау мәдениеті қалыптасқан. Біз-экологиялық сауаттылықты қолдаймыз! @taza.likee 5 "Ғ" сынып оқушылары Сынып жетекшісі:Мошан Жанерке #Алматыбіздіңортақүйіміз