Жадынама. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады? » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жадынама. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?
22
шілде
2024

Жадынама. Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады?

Жыл басынан бастап көпқабатты тұрғын үйлердіңтерезелерінен балалардың құлау жағдайлары жиілепкетті. Жүргізілген талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдыңбасынан бастап республика бойынша балалардыңтерезеден құлауының 102 жағдайы орын алды (7 адамқаза тапты, 95 адам жарақат алды), оның ішінде 2 жағдайАлматы қаласында орын алды. Мұндай жағдайлардың негізгі себептері балалардықараусыз қалдыру және көп қабатты тұрғын үйлердіңтерезелерінде қорғаныс құрылымдарының болмауыболып табылады. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Төтеншежағдайлар департаменті осындай фактілердің алдын алумақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ жадынамалар мен брошюралар таратаотырып, көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жолыменхалықты ақпараттандыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. ЖАДЫНАМА🔴✅ Ешқашан баланы қараусыз қалдырмаңыз! ✅Бала бөлмеде жалғыз болса, терезелерді жабық ұстаңыз! ✅Москит торлары құлаудан қорғамайды. Балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетеді. ✅Жиһазды ешқашан терезенің жанына қоймаңыз! ✅Терезеден құлаған балалар ата-аналары мен қамқоишылары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады!