01
қыркүйек
2024
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Әлібек Ерлан Еркебұланұлы қатысты.
Биыл үшінші оқу жылын бастаған №206 мектеп-гимназияда 10 бірінші сынып ашылып, 289 оқушы қабылданды. Бүгінгі салтанатты жиында бүлдіршіндер тақпақтарын оқып, әндерін орындап, сыңғырлаған қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттады. Жиында қонақтардың ақ тілегін тыңдап, мектептің талантты оқушылары өз өнерлерінен шашу шашты.