01
қыркүйек
2023
1 қыркүйек Білім күні мерекесінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті
Мектеп – үлкен өмірге даярлық. Оқушы білімді меңгеру ғана емес, оны игеру машықтарын, ойлану, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу әрекеттерін дамытады. Мектеп – меңгерілген білімді өмірде қолдануға дағдыландыратын шеберхана. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп Абай айтқандай, арманның көкжиегіне көз тігіп, мақсатты айқындау мүмкіндігі. Мектеп – бал балалық естелігі, есею баспалдағы, білім мен тәрбие бесігі.
Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияда 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Алматы қаласы Әкімі аппаратының басшысы Шаханов Бейбіт Маратханұлы, Наурызбай ауданы Әкімі Тоғызбаева Назира Асылбекқызы, Наурызбай ауданы Білім бөлімінің бастығы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Толеубекова Фарида Джаймбайқызы қатысты.
Биыл екінші оқу жылын бастаған №206 мектеп-гимназияда 10 бірінші сынып ашылып, 276 оқушы қабылданды. Бүгінгі салтанатты жиында бүлдіршіндер тақпақтарын оқып, әндерін орындап, сыңғырлаған қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттады. Жиында қонақтардың ақ тілегін тыңдап, мектептің талантты оқушылары өз өнерлерінен шашу шашты.