19
желтоқсан
2024
№206 мектеп-гимназиясында өткен «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты шеберлік сабағы ерекше рухани және тәрбиелік мәнімен есте қалды.
№206 мектеп-гимназиясында өткен «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты шеберлік сабағы ерекше рухани және тәрбиелік мәнімен есте қалды. Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының даналық мектебі аясында ұйымдастырылған бұл шара 6-сынып оқушыларымен бірге өтті.
Әжелер — әр отбасының жүрегі, ұлттық құндылықтардың сақшысы, әрі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған даналықтың қайнар көзі. Бұл шеберлік сабақта әжелер оқушыларға өздерінің қолөнерін таныстырып қана қоймай, ұлттық өнердің терең мағынасын түсіндіріп, өмірлік мәні бар ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Мұндай шаралар жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеп, ата-баба мұрасын қастерлеуді үйретудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@edu.almaty