06
желтоқсан
2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерекше және мәнді іс-шара Алматы қаласындағы N206 мектеп-гимназиясында өтті!


Білім басқармасының “Кубогі” аясында ұйымдастырылған әскерилендірілген эстафета оқушылар арасында шынайы рух пен ынтымақтастықты ұштастырып, Тәуелсіздігімізге деген құрметтерін білдіруге мүмкіндік берді. Спорттық сайыстарда қатысушылар барынша күш-жігерін салып, тартысты бәсекелерде өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Бұл шара жастардың дене тәрбиесі мен рухани дамуын қолдай отырып, Тәуелсіздіктің мәнін терең түсінуге жол ашты. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


Тәуелсіздік күнінің қадір-қасиеті мен маңызын әрқашан жүрегімізде сақтайық!

@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@edu.almaty
@oqu_agartu_ministrligi