09
ақпан
2025
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай №206 мектеп-гимназиясында 8 В сыныбымен танымдық сабақ өтілді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай №206 мектеп-гимназиясында 8 В сыныбымен танымдық сабақ өтілді.
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Сталинград түбіндегі шайқас.
Сталинград түбіндегі шайқас— Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуылдың бірі. 1942ж. 17 шілдесі мен 1943ж 2 ақпан аралығын қамтыды. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына тартылды.Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73-гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 200 күнге созылды. Нәтижесінде немістің фашистік әскерлері жеңілді. 112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев.
Тарих пәнінің мұғалімі Жаныбекова Э.