12
желтоқсан
2024
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қалқаман Сарин шығармаларынан «Тәуелсіздік! Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім...» атты АУДАНДЫҚ байқау өтті.
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қалқаман Сарин шығармаларынан «Тәуелсіздік! Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім...» атты АУДАНДЫҚ байқау өтті. Байқауға аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау 2 бағыттан тұрды. Алғашқы бағыт «Өлеңнен өзге кімге сыр айтам өзімсініп...» деп аталды. Бұл сайыста оқушылар Қалқаман Саринның өлеңдерін жатқа оқыды. Байқаудың 2-бөлімі «Арманым, мені аяла» деп аталды. Бұл сайыста қатысушылар Қалқаман Саринның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Аудан мектептерінің 20 оқушысы қатысқан таласқа толы байқау болды. Қатысушылар мен жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды. Ақынмен онлайн байланысқа шықтық. «Өлеңнен өзге кімге сыр айтам өзімсініп...» деп аталатын бөлім бойынша #206 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Бурһанадин Гауһар бас жүлде иеленді, жетекшісі Жамшитова Гүлзира. «Арманым, мені аяла» деп аталатын бөлім бойынша #200 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Сарсенбай Әсер бас жүлде иеленді, жетекшісі Манапбаева Гульмира. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@sairan.saifedenov
@mnurymbetov
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima
@kalkamansarin_