15
ақпан
2025
Қуыршақ театрына әсерлі сапар!
Қуыршақ театрына әсерлі сапар!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 14 - ақпан 5 «В» сынып оқушыларымен бірге қуыршақ театрына барып, Мұқағали Мақатаевтың шығармасына қойылған тамаша қойылымды тамашаладық. Балалар үшін бұл ерекше әсерлі сәт болды!
Ақынның өлеңдері мен шығармаларынан шабыт алған көріністер жүректі тебірентіп, ойға жетеледі. Оқушылар қойылымнан үлкен әсер алып, қазақ поэзиясының сұлулығын тағы бір рет сезінді. Театр әртістерінің және қуыршақтардың ерекше өнері оқушыларға ерекше ұнады.
Осындай мәдени шаралар балалардың рухани дамуына зор үлес қосады. Алдағы уақытта да осындай қызықты саяхаттарымыз жалғасын табады!
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima