18
сәуір
2024
“Ақын – қыран: қияға да қонады, ақын – адам: далаға да қонады” тақырыбында Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған “Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін” телехикаясының актерларымен, ақынның отбасымен кездесу өтті.
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда біртұтас тәрбие бағдарлама аясында “Ақын – қыран: қияға да қонады, ақын – адам: далаға да қонады” тақырыбында Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған “Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін” телехикаясының актерларымен, ақынның отбасымен кездесу өтті. Кездесуге ақынның ұлы Мақатаев Жұлдыз, келіні Айдарова Бақытгүл, әнші Нұрмағамбетова Сұлушаш, актер Сәбитов Мақсат, Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы қатысты. Ұжымның ұстаздары мен мектептің “Бағым” театр үйірмесінің оқушылары ақынның өлеңдері мен әндерінен қойылым қойды, бүгінгі қонақтар телехикаяны көрген оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, көрермендерге қонақкәде тарту етті. Бүгінгі іс-шара келесі аптада “Алатау” телеарнасынан көрініс табады.