28
ақпан
2025
6-сыныптар арасында Cosplay атты қойылымдар қойылды.
№206 мектеп-гимназиясының оқу жоспарына сәйкес, ағылшын тілі кафедрасының ‘’English for the future’’ атты онкүндіктің аясында өтілген 6-сыныптар арасында өткен Cosplay қойылымының мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушыларға сүйікті кейіпкерлерін сомдау арқылы өздерін еркін сезінуге, актерлік шеберліктерін шыңдауға, әлем әдебиеті мен мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беру, ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Бұл шара балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, сахна мәдениетін меңгеруге, көрермен алдында өнер көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima