14
наурыз
2025
Көрісу күні құтты болсын!
Көрісу күні құтты болсын!


Бүгін – Көрісу күні! Бұл күн – қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрінің бірі. Ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдіретін ерекше мейрам.
Көрісу күні тек амандасу ғана емес, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бауырмалдықты арттыратын мереке. Көнеден қалған осы дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бірлігіміз нығая берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, молшылық пен бақ-береке тілейміз!

@nauryzbay_bilim_bolimi
@oqu_agartu_ministrligi
@kusainova.s.a
@edu.almaty
@aliakbarovafatima