14
сәуір
2025
«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен өткізілетін азаматтық қорғау сабағында "Сел қауіпі кезінде не істеу керек?" атты қауіпсіздік сабағы болды.
«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен өткізілетін азаматтық қорғау сабағында "Сел қауіпі кезінде не істеу керек?" атты қауіпсіздік сабағы болды. Сел — таулы аймақтарда кенеттен пайда болатын, су, тас, құм және лай араласқан қауіпті табиғи құбылыс. Ол үлкен жылдамдықпен төменге қарай ағып, жолындағы барлық нәрсені жойып жібере алатын алапат құбылыс.
Сел қаупі кезінде не істеу керек?Сел қаупі туралы ескерту алсаңыз:
Биік жерге көшіңіз;
Өзен арнасы мен сай-саладан алыстаңыз;
Электр және газ құрылғыларын өшіріңіз.
Сел кезінде:
Үйден шықпаңыз, биік қабатқа көтеріліңіз; Есіктер мен терезелерді мықтап жабыңыз;
Радио немесе интернет арқылы ресми ақпаратты тыңдаңыз.
Сел өткен соң:
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің нұсқауын күтіңіз;
Қираған ғимараттарға өз бетіңізше кірмеңіз.
Есте сақтаңыз!Сел — табиғаттың аса қауіпті құбылысы. Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі!
Бұл сабақтар Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен өткізіледі және жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.