30
сәуір
2025
"БАТЫРЛАР СӨЙЛЕЙДІ..." атты әлеуметтік жоба жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.
2025 жылғы 29 сәуір күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқушылар сарайында”өткен "БАТЫРЛАР СӨЙЛЕЙДІ..." атты әлеуметтік жоба жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.
Ауқымды іс-шараға Наурызбай ауданының мектептерінен дарынды оқушылар мен шығармашыл ұстаздар бірлесіп қатысып, айрықша белсенділік пен шығармашылық ізденістерін ортаға салды. Нәтижесінде, ауданымыздың құрама командасы БАС ЖҮЛДЕГЕ лайық деп танылды! 
Іс-шара барысында қатысушылар:
көркемсөз және сахналық қойылымдар,
музыкалық шығармалар мен хореографиялық көріністер арқылытарихи жадыны жаңғыртып, батырлықты, отансүйгіштікті және ел бірлігін насихаттады. Көрсетілімдер мазмұн тереңдігімен және орындаушылық шеберлігімен ерекшеленіп, қазылар алқасының ерекше ықыласына ие болды.
Бұл жеңіс – жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық пен тарихи сананы сіңіруге үлкен үлес қосып жүрген ұстаздар еңбегінің жарқын нәтижесі.
Ұлы жеңісті ұлықтаған Наурызбай ауданының намысын абыроймен қорғап, рухты өнермен жүрекке жол тапқан барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@oqu_agartu_ministrligi
@aliakbarovafatima
@edu.almaty
#әдістемелікорталық_алматы
#жеңіске80жыл
@sairan.saifedenov
@dauren_sagyngali
@rafael_gassanov_official