Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы
11
мамыр
2025

Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы

1027036515_aqnvvpndlrntmrnev82w0wmhsf6onyptlavb4gtj5ajv7_pl4uvgwpgrylkx4xk-1.mp4 [5,27 Mb] (cкачиваний: 0)

Анамның қолы — мейірім мен махаббаттың символы
Ана қолы – өмірдің ең үлкен жылулығын, қамқорлығын және шексіз сүйіспеншілігін бойына сіңірген. Ол — маңдайымыздан сипаған мейірім, тынымсыз еңбектің, отбасы берекесінің айғағы. Анамыздың қолы – өткен мен болашақты жалғайтын рухани алтын көпір.
🎥 Көсембек Сұлу, 8 "А" сынып оқушысы:
«Бұл бейнежазба арқылы мен анам екеуміздің арасындағы ерекше байланысты жеткізгім келді. Анамның қолы — мен үшін жай ғана қол емес, ол — жылулықтың, қорғаудың және өмір бойғы сүйіспеншіліктің символы.
Ана мен қыз арасындағы байланыс – сөзбен айтып жеткізу қиын терең сезім. Бұл – бір қарағанда көзқарастан-ақ түсінісу, бір ауыз сөзсіз-ақ қолдау білдіру. Менің бейнемде анамның қолы – менің тірегім, сенімім мен шабыт көзім ретінде бейнеленді.
Осы байқау арқылы мен аналарымыздың еңбегі мен мейірімін бағалай білуді, сол жылулықты әрдайым жүректе сақтауды көрсеткім келді.»