1027036515_aqph42hzy_tscd93m5xmk7hj_tn0hmmnqhhm1bfhbmtihxalokjw.mp4 [6,96 Mb] (cкачиваний: 0)

Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназияда бүгін “ТҮЛЕКТЕР КЕҢЕСІ: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ, ГРАНТ, СТУДЕНТТІК ӨМІР” тақырыбында 2024 жылғы түлектердің 11-сынып мектеп бітіруші түлектерімен кездесу болып өтті.

Кездесуде түлектер өз кеңестерімен бөлісті:

Нағыз ҰБТ-ға барғандағы қобалжуды бәсеңдету

Мамандықты жүрек қалауымен таңдау

Грант конкурсына 4 таңдауды дұрыс жасау

Маңызды даталарды ескеру

Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы

Мектеп мұғалімдерінің мейірімділігі

Белсенді жастардың қатарына қосылу

ТОП универлердің талаптары

Түлектерімізге алтын уақыттарын бөліп келгені үшін алғыс білдіре отырып, санаулы күнде ҰБТ тапсырғалы отырған бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз.
#түлек2024#түлек2025#ұбт#соңғықоңырау#мектеп#вальс#мамандықтаңдау#профориентолог#профориентация#кәсібибағдарберу