20
мамыр
2025
Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздар құрамы бірлесіп, кешкі рейд ұйымдастырды.
Кешкі рейд жүргізілді!Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздар құрамы бірлесіп, кешкі рейд ұйымдастырды. Мақсат – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кешкі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған балалардың себепсіз көшеде жүрмеуін бақылау.
Рейд барысында мұғалімдер ата-аналармен байланыс орнатып, балалардың үйде болуын қадағалау қажеттігін ескертті.
Балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, тәртіп пен қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналардан өтінеріміз – балаларыңыздың қайда жүргенін қадағалап, түнгі уақытта үйде болуын қамтамасыз етіңіздер. Бұл – олардың амандығы үшін маңызды!