20
мамыр
2025
“BALAFEST” аясында — “Кітап – білім бұлағы” байқауы
“BALAFEST” аясында — “Кітап – білім бұлағы” байқауы
2025 жылғы 19 мамыр күні Алматы қаласында өткен “BALAFEST” балалар фестивалі аясында 181 жалпы білім беретін мектеп базасында көркем шығармаларды сүйіп оқитын білімалушылар арасында “Кітап – білім бұлағы” байқауы өтті.
Байқауға 200-ден астам оқушы қатысып, келесі үш бағыт бойынша өз өнері мен білімін ортаға салды:
1–4-сыныптар – “Кадрда оқу”
5–8-сыныптар – “Театр өнері арқылы – оқуға”
9–11-сыныптар – “Поэтикалық баттл”Мектебіміздің 3 “Ғ” сынып оқушысы Жеңісбек Мирас “Кадрда оқу” номинациясы бойынша жүлделі III орынға ие болды!

Жетекшісі: Оспанова Гүлзира СерікқызыҚалалық кезеңде жүлделі орын алған шәкіртімізбен мақтанамыз! Өнер мен білім тоғысқан — талапты да талантты оқушымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!
