08
ақпан
2024
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 08.02.2023 күні қалалық ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэтикалық кеш өтті.


Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 08.02.2023 күні қалалық ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэтикалық кеш өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарының «Өнер мен құндылықтар» бөліміне сәйкес ұйымдастырылған поэтикалық кешке Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскері Исатаева Ақерке Сағатқызы, КСРО және қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Құлжабайқызы Нұрмағамбетова, Қазақ эстрадасының жұлдызы Айбек Мұхамедәлі, қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұстаздары, үйірме жетекшілері қатысты. #206 мектеп-гимназияның ұстаздары мен шәкірттері мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен әдеби композизиялар мен қойылымдар қойды, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Қонақтарымыздан қонақкәде сұрап, өнерлеріне тәнті болдық.