1027036515_aqodrnjbp9hnogyqcpqxptihcw4qu_uppna0ykrcdbvgt8vpa8iktrrc87v6cg.mp4 [11,13 Mb] (cкачиваний: 0)


Білімім – Отаныма!
2025 жылдың 23 мамыр күні барлық 1-11 сынып білім алушылары үшін «Білімім – Отаныма!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, туған елге деген сүйіспеншілікті ояту, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Сонымен қатар, жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға жолда жүру, суға шомылу, қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық сақтау туралы ережелер ескертіліп, өмір қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәліметтер берілді.

Бұл тәрбие сағаты – тек оқу жылының қорытындысы ғана емес, әр оқушының ел болашағына өз білімін арнауға дайын екендігін ұғынған сәт болды.
@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi @sairan.saifedenov
@mnurymbetov @meruert.69
@edu.almaty
@almaty_birtutas_tarbie @almaty_mektepteri #наурызбайауданы #наурызбайроо #206гимназия #Бейсембаев #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_алматы