1027036515_aqndc_z5l_xnvvat34_psw_ahtnauh1tl2i_p0rwm5erzunddrvmj.mp4 [6,27 Mb] (cкачиваний: 0)

Бүгін 206 мектеп-гимназиясының жазғы демалыс лагерінде "Мамандықтар жылы" шеңберінде оқушылар үшін ерекше шара өтті.

Работотехника саласының мұғалімі Жетпісбай Мәулен Бауыржанұлы, балалармен қызықты әрі танымды шеберлік сағатын өткізді. Оқушылар заманауи технологиялармен танысып, робототехниканың қыр-сырына үңілуге мүмкіндік алды.

Бұл сабақ балалардың болашақтағы мамандықтарға қызығушылығын оятты, шығармашылығы мен логикалық ойлау қабілетін дамытуға серпін берді.

Қатысушылар өз қолдарымен шағын роботтар құрастырып, оларды бағдарлау арқылы практикалық дағдыларын жетілдірді.

Керемет әсер мен пайдалы білімге толы күн үшін ұйымдастырушылар мен мамандарға алғысымыз шексіз!
#ЦифрлықМамандықтар #МамандықтарЖылы #ЖазғыЛагерь #Робототехника #206мектепгимназиясы #БалаларҒылымы