Мемлекеттік рәміздер — елдің рухани жүрегі, тәуелсіздіктің тұтқасы. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезім оятады және әр елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздер — елдің рухани жүрегі, тәуелсіздіктің тұтқасы. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезім оятады және әр елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы!
04
маусым
2025

Мемлекеттік рәміздер — елдің рухани жүрегі, тәуелсіздіктің тұтқасы. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезім оятады және әр елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы!

aqmsy_i0g6jfxpr2lfixqev5nnqpyxw8vxv1fwsmgfcrxbuc3vk5on2uehqz_4wn4-1.mp4 [10,52 Mb] (cкачиваний: 0)
🇰🇿🇰🇿🇰🇿«Мемлекеттік рәміздер — елдің рухани жүрегі, тәуелсіздіктің тұтқасы. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезім оятады және әр елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы!». Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран – ұлттық рух пен патриоттық сезімнің айғағы.

Оқушылардың жазғы лагері аясында №206 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушылары арасында *«Мемлекеттік рәміздердің жастар арасындағы маңызы қандай?»* тақырыбында тартымды әрі мазмұнды дебат турнирі өтті.

Дебаттың мақсаты — оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызын терең түсіндіру арқылы патриоттық тәрбиені нығайту және жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

Іс-шара барысында жастар еліміздің мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұранының маңыздылығын терең түсініп, рәміздердің патриоттық тәрбиедегі рөлін жан-жақты талқылады. Оқушылар өз сөздерінде мемлекеттік ту мен әнұранның жас ұрпақты біріктіру, ынтымаққа шақыру рөлін ерекше атап өтті. Әрбір қатысушы өз пікірін анық әрі сенімді түрде жеткізіп, ұлтымыздың символдарына деген құрмет пен сүйіспеншілігін көрсетті.

Дебат турнирі жастардың патриоттық сана-сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге деген қызығушылықты арттырды. Оқушылардың азаматтық санасын арттыруға, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.

@aliakbarovafatima 
@kusainova.s.a 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi 
@sairan.saifedenov