Менің әкем жақсы адам » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
маусым
2025

Менің әкем жақсы адам

aqmerdo1s_bt77houno1fwob9vbffh01pm7ejyecbjwnhnpjjeliv_bykttzbvos.mp4 [4,55 Mb] (cкачиваний: 0)
Менің әкем жақсы адам

Менің әкем – өте жақсы адам. Ол мені кішкентайымнан еркелетіп, қамқор болып келеді. Әкем мені жақсы көреді, ал мен оны одан да қатты жақсы көремін.
Әкем жұмыстан шаршап келсе де, менімен ойнауға уақыт табады. Ол маған сабағыма көмектеседі, дұрыс жолды көрсетеді. Әкем үнемі «адал бол, ешқашан өтірік айтпа» деп ақыл айтады. Оның айтқан сөздерін мен есімде сақтап жүремін. Біз бірге серуендейміз, доп ойнаймыз, кейде қызықты әңгімелер айтып күлеміз. Әкем менің ең жақын досым сияқты. Ол мен үшін – нағыз батыр. Мен әкеммен мақтанамын. Ол мейірімді, сабырлы және ақылды. Осындай әке бергені үшін Аллаға алғыс айтамын.
4 “в” сынып оқушысы Қанат Аманат

@nauryzbay_bilim_bolimi 
@aliakbarovafatima 
@kusainova.s.a 
#әкелеркүні