17
қазан
2024
Президент сайлауына қатысушы үміткерлердің өзін-өзі таныстыруы.
Құрметті мектеп ұстаздары мен оқушылары!Мен 10 «Ә» сыныптың білім алушысы Смағзан Альмира Мирасқызы «Мектеп Президентіне» үміткер ретінде өз бағдарламамды ұсынғым келеді:
1. «Диалогты мектеп» - оқушылардың пікірін тыңдау маңызды. Мақсаты: Оқушылардың пікірлерін ескеру, ұсыныстар мен мәселелерді тыңдау үшін арнайы кеңестер ұйымдастыру.
2. «Талант мектебі» Оқушылардың ортақ қызуғышылығы бойынша топ мастерлер ұйымын құру. Мен барлық хоббиді құрметтеймін. Мақсаты: оқушы мектепке келген сайын өз ой-өрісі мен талантын дамытуына мүмкіндік жасау.
3. «Даму мектебі» мектептегі достық атмосферасын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, барлық оқушылар арасында байланыс орнатуға тырысамын.
4. «Үміт мектебі» Қайырымдылық аптасын көбірек өткізу. Мақсаты:Оқушылардың мейірімділігін арттырып, қоршаған ортасына қамқорлықпен қарауларын қалыптастыру.Егер сіздер маған дауыс берсеңіздер, жоғарыда айтылған бағдарламамның жүзеге асуы үшін барлық жағдайды жасаймын!
Vote for progress, vote for change!


@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima