29
қыркүйек
2025
#206 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған робототехника командасы және олардың жетекшісі Жетпісбай Мәулен «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА» Халықаралық институты ҚазҰУ - HUIBO ROBOTICS робототехника орталығында ғылыми-тәжірибелік жұмыс
#206 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған робототехника командасы және олардың жетекшісі Жетпісбай Мәулен Бауыржанұлы «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА» Халықаралық институты және робототехника орталығы ҚазҰУ - HUIBO ROBOTICS робототехника орталығында ғылыми-тәжірибелік жұмыс жүргізді. Лабораториялық ортада оқушылар робототехника саласының жаңа бағыттарымен танысып, заманауи құрал-жабдықтармен тәжірибе жасады. Командалық жұмыстың барысында бағдарламалау, инженерлік ойлау, логикалық тапсырмаларды шешу, шығармашылық ізденіс сияқты маңызды дағдыларды меңгерді. Бұл тәжірибе оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта өз білімдерін инновациялық жобаларда қолдануға жол ашты.