6 «Г» сыныбында «Жаңбырменен жер көгерер» тақырыбы аясында қазақ тілінен ашық сабақ өтті.
22.01.2026 жылы 6 «Г» сыныбында «Жаңбырменен жер көгерер» тақырыбы аясында қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы айтып тұрғандай, табиғат пен адам өмірінің ажырамас байланысына арналды. Сабақ барысында: • Топқа бөлу: Оқушылар «Береке» және «Тіршілік» болып екі топқа бөлініп, жаңбырдың ел ырысы екенін талқылады. • Цифрлық әлем: «Wordwall» және «Qath math» платформалары арқылы үй тапсырмасы мен грамматикалық ойындар қызықты форматта өтті. • Ұлттық құндылық: Зейнеп Ахметова апамыздың бата туралы сұхбатын талдап, «Батаның қазақ халқы үшін маңызы қандай?» деген сұраққа жауап іздедік. • Шығармашылық: Оқушылар есімдіктерді қолдана отырып, су туралы өлең шумақтарын шығарып, макет арқылы өз жобаларын қорғады. Басты мақсатымыз: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажырата білуге үйрену және қазақ тілінің бай грамматикасын (есімдіктерді) дұрыс қолдануды меңгеру болды. Сабақ соңында оқушылар «Бата тамшылары» арқылы өздерінің ең ізгі тілектерін есімдіктер арқылы білдіріп, сабақты қорытындылады. Судың да сұрауы бар, әр тамшының астында береке жатыр. Жаңбыр жауып, жеріміз көгере берсін!
Пән мұғалімі: Даниял Әсем Ғабиденқызы
22.01.2026 года в 6 «Г» классе прошёл открытый урок по казахскому языку на тему «Жаңбырменен жер көгерер» («С дождём земля зеленеет»). Как подсказывает сама тема, урок был посвящён неразрывной связи природы и жизни человека.
В ходе урока:
Работа в группах: учащиеся были разделены на две группы — «Береке» («Благодать») и «Тіршілік» («Жизнь»), где обсуждали значение дождя как источника изобилия.
Цифровая среда: с использованием платформ Wordwall и Qath Math домашние задания и грамматические игры прошли в увлекательном формате.
Национальные ценности: был проанализирован разговор Зейнеп Ахметовой о бата, и учащиеся рассуждали над вопросом «Каково значение бата для казахского народа?».
Творческая работа: применяя местоимения, ученики сочиняли стихотворные строки о воде и защищали свои проекты с помощью макетов.
Основная цель урока:
научить учащихся различать основную и дополнительную информацию в тексте, а также правильно использовать богатую грамматику казахского языка (местоимения).
В завершение урока учащиеся через «Капли бата» выразили свои добрые пожелания, используя местоимения, и подвели итоги занятия.
✨ У воды есть своя ценность, в каждой капле — благодать. Пусть дождь идёт, а земля продолжает зеленеть!
Учитель-предметник: Даниял Әсем Ғабиденқызы