№206 мектеп-гимназияда Алматы қаласы білім басқармасының «Цифрлы сауаттылық және жасанды интеллект: оқушы мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндік» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚАЛАЛЫҚ семинар өтті. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №206 мектеп-гимназияда Алматы қаласы білім басқармасының «Цифрлы сауаттылық және жасанды интеллект: оқушы мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндік» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚАЛАЛЫҚ семинар өтті.
26
ақпан
2026

№206 мектеп-гимназияда Алматы қаласы білім басқармасының «Цифрлы сауаттылық және жасанды интеллект: оқушы мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндік» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚАЛАЛЫҚ семинар өтті.

[media=https://www.instagram.com/reel/DVNKRAbDH8P/?igsh=MTVjbGh3OGg5cGZ4eg==]

Наурызбай ауданы, №206 мектеп-гимназияда Алматы қаласы білім басқармасының “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен” бірлескен «Цифрлы сауаттылық және жасанды интеллект: оқушы мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндік» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ҚАЛАЛЫҚ семинар өтті. 

Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде цифрлы құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында спикерлер цифрлы білім беру ресурстарын сабақта қолдану, жасанды интеллект арқылы оқытуды жекелендіру, бағалау үдерісін жетілдіру және оқу мотивациясын арттыру бағытында тәжірибелерімен бөлісті. 
Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, заманауи платформалармен жұмыс жасап, авторлық әдіс-тәсілдерді талқылады.

Пән мұғалімдері интеграцияланған ашық сабақтар көрсетіп, оқытудағы инновациялық тәсілдердің тиімділігін ұсынды. Сонымен қатар, оқушылардың зерттеушілік, сыни ойлау және цифрлы дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

#цифрлысауаттылық #жасандыинтеллект #білім #семинар #инновация мұғалім оқушы

В районе Наурызбай, в школе-гимназии №206, совместно с «Городским научно-методическим центром новых технологий в образовании» Алматинского городского управления образования, прошёл городской семинар для учителей начальных классов на тему «Цифровая грамотность и искусственный интеллект: новые возможности для учеников и педагогов».

Цель семинара – показать эффективные способы использования цифровых инструментов и возможностей искусственного интеллекта в образовательном процессе, развитие функциональной грамотности учащихся и повышение цифровой компетентности педагогов.

Участники выполняли практические задания, работали с современными платформами и обсуждали авторские методики. Учителя предметников провели интегрированные открытые уроки, продемонстрировав эффективность инновационных подходов к обучению, а также были представлены работы, направленные на развитие исследовательских, критического мышления и цифровых навыков учащихся.

В конце семинара участники оставили отзывы и отметили важность обмена опытом, подчеркнув, что подобные мероприятия способствуют профессиональному развитию педагогов и открывают новые возможности для повышения качества образования.

#цифроваяграмотность #искусственныйинтеллект #образование #семинар #инновации #учитель #ученик

Похожие публикации: