08
қыркүйек
2025
№206 мектеп-гимназиясының 6 “Г” сыныбында “Біздің қала, аудан” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
08.09.2025 жылы №206 мектеп-гимназиясының 6 “Г” сыныбында “Біздің қала, аудан” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақта балалар туған жердің маңызы туралы ой бөлісіп, жолда жүру ережелерін еске түсірді.
Әр адам үшін туған жері – ең ыстық, ең қымбат мекен. Біздің қала, аудан – тарихы терең, табиғаты көркем, халқы еңбекқор өлке. Мұндағы әрбір көше, әр төбе, әр сай – бала күннің естелігіне толы.
Ауылдың самал желі, жайқалған егістігі мен шалқыған өзені жүрекке тыныштық сыйлайды. Біздің аудан – ұлы тұлғалар түлеп ұшқан, елге еңбек сіңірген азаматтар туған қасиетті топырақ.
Туған жердің түтіні де тәтті дейді дана халқымыз. Біз де осы киелі мекеннің гүлденіп, дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
“Бірлік бар жерде – тірлік бар”. Ауданымыз өркендей берсін!
Сынып жетекшісі: Даниял Ә.Ғ.