02
мамыр
2024
#206 мектеп-гимназиясында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» атты іс-шара өтті.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназиясында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» атты іс-шара өтті. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.