«Отбасы – бақыт мекені» отбасы мерекесіне орай «Саналы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – бақыт мекені» отбасы мерекесіне орай «Саналы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
10
қыркүйек
2025

«Отбасы – бақыт мекені» отбасы мерекесіне орай «Саналы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.


№206 мектеп-гимназиясында «Отбасы – бақыт мекені» отбасы мерекесіне орай «Саналы ата-ана» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналардың тәрбиелік жауапкершілігін арттыру, бала мен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту.

Кездесу барысында ата-аналарға түрлі психологиялық әдістер ұсынылды. Әсіресе, «Арт терапия» әдісі қолданылып, қатысушылар өз ойларын, сезімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді. Бұл әдіс ата-аналардың өз баласына деген көзқарасын жаңаша түсінуге, ішкі жан дүниесін ашуға мүмкіндік берді.

Жиналыс жылы шырайлы әңгімелерге, пікір алмасуға ұласты. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызын атап өтті. Іс-шара соңында ата-аналарға отбасы татулығын сақтауға, балаға дұрыс бағыт-бағдар беруге арналған ұсыныстар берілді.

#ОтбасыКүні #ОтбасылықҚұндылықтар #СаналыАтаАна #БақыттыҰрпақ
#ДеньСемьи #СемейныеЦенности #ОсознанноеРодительство #СчастливоеПоколение 

Похожие публикации: