08
қазан
2025
Жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында мектеп инспекторы Қыдырбек Ерболат Мерланұлының қатысуымен 9-11 сынып ұлдарымен жиналысы өткізілді.


Мектебімізде 08 қазан күні кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында мектеп инспекторы Қыдырбек Ерболат Мерланұлының қатысуымен 9-11 сынып ұлдарымен жиналысы өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы айтылды.