22
қыркүйек
2025
Мектепішілік сейсможаттығу. Жаттығудың мақсаты — оқушылар мен мұғалімдерді жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Мектепішілік сейсможаттығу. Жаттығудың мақсаты — оқушылар мен мұғалімдерді жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету. Дабыл қағылған сәттен бастап барлық қатысушылар алдын ала үйретілген тәртіппен қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушыларды ұйымдасқан түрде далаға шығарып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жаттығудың сәтті өтуіне атсалысты. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметі мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, оқушыларға қысқаша нұсқаулық берді.