22
қыркүйек
2025
18 қыркүйек күні 6 «Д» сыныбында «Жаңа оқу жылы: мақсат, міндет, жоспар» тақырыбымен ата-аналар жиналысы өткізілді
18 қыркүйек күні 6 «Д» сыныбында «Жаңа оқу жылы: мақсат, міндет, жоспар» тақырыбымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың сапалы білім алуына мектеп пен ата-ананың бірлескен ықпалын күшейту, сыныптағы тәртіп пен ұйымшылдықты сақтау жолдарын талқылау. Жиналыс барысында қаралған мәселелер: • 2025–2026 оқу жылына арналған тәрбие мен білім берудің негізгі бағыттары; • оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары; • ата-ана мен мұғалім арасындағы тығыз қарым-қатынастың маңызы; • оқушылардың қауіпсіздігі, күн тәртібі мен сабаққа қатысуы; • сыныптың алдағы жоспарлары мен тәрбие жұмыстары. Ата-аналар жиналыста белсенділік танытып, пікір алмасып, сыныптағы бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты. Жиналыс нәтижесінде алдағы оқу жылына ортақ жоспар бекітіліп, ата-ана-мұғалім-оқушы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа қадамдары айқындалды.