Наурызбай ауданы көшбасшыларының басқосуы №206 мектеп-гимназиясында өтті
«Көшбасшылар тәжірибе алаңы: Цифрлық медиа мүмкіндіктері»
Наурызбай ауданы көшбасшыларының басқосуы №206 мектеп-гимназиясында өтті
Бүгінгі кездесуде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, олардың бастамашылдығы мен көшбасшылық әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Медиа кабинетінің шығармашылық тобы тікелей эфир, студиялық түсірілім және медиа контент дайындау бағытындағы жұмыстарымен бөлісіп, шынайы медиа ортаның атмосферасын көрсетті.
Қадірлі қонақтарымыз:
• Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері — Дүйсенбекова Индира Өтепбергеновна
• Өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы, №174 МГ президенті — Қайрат Абдрахман
• Наурызбай ауданының белсенді, өнерлі, жаңашыл мектеп президенттері
Кездесу аясында «Біз буллингке қарсымыз» атты бірлескен акция ерекше ықыласпен өтті.
Оқушылар буллингтің зияны туралы театрланған қойылым қойып, бейбітшілік пен мейірімділікті насихаттайтын әсерлі флешмоб орындады.
Сонымен қатар, мектеп психологы «Мектептегі буллинг және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, жүйелі қыспақ пен әлеуметтік-психологиялық проблемалар» тақырыбында мазмұнды тренинг өткізіп, маңызды ақпараттар мен алдын алу амалдарын талқылады.
Бұл басқосу – көшбасшылардың тәжірибе алмасу, жаңа идеялар жинақтау және қауіпсіз мектеп ортасын бірге қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
«Площадка для лидеров: возможности цифровых медиа»
Встреча лидеров Наурызбайского района прошла в школе-гимназии №206.
На сегодняшнем мероприятии подробно была представлена работа ученического самоуправления, инициативность учащихся и их лидерский потенциал. Творческая команда медиа-кабинета поделилась опытом прямых эфиров, студийной съемки и подготовки медиа-контента, продемонстрировав атмосферу настоящей медиа-среды.
Уважаемые гости:
Методист по воспитательной работе районного отдела образования — Дуйсенбекова Индира Отепбергеновна
Председатель ученического самоуправления, президент школы №174 — Кайрат Абдрахман
Активные, творческие и инициативные школьные президенты Наурызбайского района
В рамках встречи с особым интересом прошла совместная акция «Мы против буллинга».
Ученики показали театрализованное представление о вреде буллинга и провели впечатляющий флешмоб, пропагандирующий мир и доброту.
Кроме того, школьный психолог провел содержательный тренинг на тему «Буллинг в школе и насилие среди подростков, системное давление и социально-психологические проблемы», обсудив важную информацию и методы профилактики.
Это мероприятие стало важным шагом для обмена опытом лидеров, генерации новых идей и совместного формирования безопасной школьной среды.
#көшбасшыларалаңы #цифрлықмедиа #буллингкетоқтау #наурызбайауданы #206мг #өзінөзібасқару #leadershub