24
қыркүйек
2025
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында қалалық әскери-патриоттық «Жас сарбаз» сыныптарының ашылу салтанаты өтті.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында қалалық әскери-патриоттық «Жас сарбаз» сыныптарының ашылу салтанаты өтті. Жобаның басты мақсаты – оқушыларды елжандылыққа, тәртіпке, жауапкершілікке баулу, әскери дайындық негіздерімен таныстыру және жас ұрпақ бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Салтанатты шараға арнайы қонақтар қатысты: – Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының әдіскері Қанатов Марат Кенжегалиевич, Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Дүйсебекова Индира Өтепбергеновна, Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары - жұмылдыру бөлімінің бастығы майор Абуов Нурлан Қожанович, Аудандық алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Мерекелік іс-шара барысында: Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды, саптық дайындық көрсетілімі ұйымдастырылды. Құрметті қонақтар жас ұрпақ тәрбиесіндегі «Жас сарбаз» қозғалысының маңызы туралы ойларымен бөлісті. Қонақтар жас сарбаздарға Отанға адал қызмет етуге шақырды. Бұл бастама – өскелең ұрпақты Отанын сүюге, әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің жарқын үлгісі!