3 «В» сыныбынан бастау алған «Жақсылық жасауға асық» челленджін 5 «В» сыныбы қуана қабылдады
Кейде біз күнделікті тіршіліктің асығыс ырғағында жанымыздағы жақсылықты байқай бермейміз…
Жылтыраған еден. Үнсіз жасалған еңбек.
Ал сол тазалықтың артында — таң атпай тұрып, адал еңбегімен ортаға шуағын сыйлап жүрген жандардың кең жүрегі бар 🤍
Бір сәтке тоқтап, айналаңызға зер салыңызшы…
Бәлкім, дәл қазір біреуге жүректен шыққан «рақмет» айтуға тамаша мүмкіндік бар шығар.
3 «В» сыныбынан бастау алған «Жақсылық жасауға асық» челленджін 5 «В» сыныбы қуана қабылдады 🤍
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай біз мектебіміздің тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген еден жуатын апайымызға көмектесіп, алғысымызды сөзбен емес, іспен жеткізуді жөн көрдік. Күн сайын мектептің таза әрі жайлы болуына үлес қосатын жандардың еңбегі зор. Біз сол еңбекті бағалап, кішкентай болса да көмек көрсетуге тырыстық.
Бұл бастама бізге жақсылықтың мәнін тереңірек ұқтырды. Себебі алғыс – жай ғана айтылатын сөз емес, ол әрекет арқылы айқындалады. Шынайы ризашылық әрқашан іспен дәлелденеді.
Осындай игі істер арқылы жүрегімізге мейірім ұялап, бір-бірімізге деген құрметіміз арта түседі.
Жақсылық жасауға асығайық! ✨
Алғыс айту – жүректен ❤️
Сынып жетекшісі: Сыдыкова Гүлжанат Мусаевна
Иногда в суете повседневной жизни мы не всегда замечаем добро рядом с нами…
Блестящий пол. Тихо выполненная работа.
А за этой чистотой — большое сердце людей, которые с раннего утра своим честным трудом дарят окружающим тепло 🤍
Остановитесь на мгновение и оглянитесь вокруг…
Возможно, именно сейчас есть прекрасная возможность сказать кому-то искреннее «спасибо».
Челлендж «Спеши делать добро», начатый учащимися 3 «В» класса, с радостью приняли ученики 5 «В» класса 🤍
В честь 1 марта – Дня благодарности мы решили выразить благодарность не только словами, но и делом: помогли нашей уборщице, которая ежедневно заботится о чистоте в школе. Благодаря её труду наша школа всегда остаётся чистой и уютной. Мы постарались, пусть и небольшой, но искренней помощью показать, как ценим этот труд.
Эта инициатива помогла нам глубже понять смысл добрых дел. Ведь благодарность — это не просто слова, она проявляется в поступках. Искренняя признательность всегда подтверждается делом.
Такие добрые поступки наполняют наши сердца добротой и укрепляют взаимное уважение.
Давайте спешить делать добро! ✨
Благодарность — от всего сердца ❤️
Классный руководитель: Сыдыкова Гульжанат Мусаевна.