06
мамыр
2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 6 «Б» сынып оқушылары тыл ардагері Акынов Айдархан атамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 6 «Б» сынып оқушылары тыл ардагері Акынов Айдархан атамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты Кездесу барысында оқушылар атамызға ақ тілектерін арнап, шағын сый-сияпаттарын табыстады. Өз кезегінде Айдархан ата өмір жолы, еңбек жылдары мен ел басына күн туған кезеңдердегі тыл еңбегінің маңызы туралы әсерлі әңгімелер айтып берді. Атамыздың әрбір сөзі жас ұрпаққа үлгі болып, олардың бойында отансүйгіштік, елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімдерін арттыра түсті.
Осындай тағылымы мол кездесулер — оқушылардың рухани дамуына, тарихты құрметтеп, өткенді бағалай білуіне үлкен әсер етеді. Үлкенге құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау — әрбір жас буынның парызы.
Айдархан атамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Ардагерлеріміз әрдайым аман болып, ортамызда жүре берсін!