Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
25
мамыр
2026

Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

[media=https://www.instagram.com/reel/DYwH2Y9sBye/?igsh=ZnRnY3kwa2ducmZq]

Бүгін 1-сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Балалар адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік секілді қасиеттердің маңызын ұғынып, білімнің ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін талқылады.
Сонымен қатар адами капиталды дамыту, білім мен ғылымға ұмтылу, инновацияның маңыздылығы туралы айтылып, әр оқушының сапалы білім алып, ел дамуына үлес қоса алатыны ерекше атап өтілді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, жыл бойы алған білімдері мен жетістіктерін қуанышпен бөлісті. Сынып сағаты әсерлі әңгімелермен, тәрбиелік ойындармен және жылы лебіздермен қорытындыланды.
Білімді, саналы, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз!